Алматыдағы аудандардың бірінде ыстық су болмайды

30.07.2021 в 12:50

Компания өкілдері қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды

Алматының Медеу ауданында бірқатар ғимарат бірнеше күнге ыстық су беруен ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға сілтеме жасап.

9 тамыздан 13 тамызға дейін Гурилев – Үштөбе – Тәтібеков – Блок көшелері шаршысындағы үйлерде жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су болмайды.

Компания өкілдері қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Еске салайық, бұаған дейін 2021 жыл 12-16 шілде аралығында Түрксіб ауданының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда ыстық су болмаған еді.