Алматы мен Нұр-Сұлтан ең қымбат қалалар тізіміне енді

10.07.2022 в 14:27

Рейтингке 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы алынған

Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүруге ең қымбат қалалар тізіміне енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелері Numbeo сервисі сайтында жарияланған. Рейтингке 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы алынған.

Бермуд астанасы - Гамильтон - 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.

Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында - Базель (Швейцария), үшінші орында - Цюрих. Сондай-ақ, ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген.

Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475 орындарды иеленді.