Екібастұзда бірнеше көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды

18.01.2023 в 15:34

Жөндеу жұмыстары сағат 20:00-ге дейін жалғасады

Екібастұзда бүгін бірнеше көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жылу беру жерасты құбырларында пайда болған ақауға байланысты уақытша тоқтатылған. Энергия көзінен Қонаев пен Бұқар жырау көшесіндегі 4-5 шақты үй ажырапты. 

«Екібастұз жылу энерго» компаниясының мәліметінше, зақым келген жер қалпына келтіріліп жатыр. Жөндеу жұмыстары сағат 20:00-ге дейін жалғасады.