Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты

11.06.2023 в 13:35

Мемлекет басшысы өрт сөндіру барысы шараларымен танысты

Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

▪️Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.

▪️Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді