Алматыдағы Президент резиденциясы сүрілетін болды

02.03.2022 в 13:38

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады", – деп жазды Берік Уәли Ғacebook парақшасында.