28 маусым − Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

28.06.2021 в 09:50

Almaty.tv телеарнасы қызметкерлерінің бір күндік жұмыс күні

28 маусым − еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 

2019 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.