Бурабайдағы қонақүйде тексеріс басталды

08.09.2023 в 13:55

Қонақүйдің 17 қызметкері тамақтан уланған

Бурабайдағы қонақүйде 17 адам тамақтан уланған соң, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Инфекцияны жұқтырғандардың жетеуі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған. Ал қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды. Қазір ғимаратта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүріп жатыр.      

– Қонақүй қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Сонымен қатар тағамдардан да сынама алынды. Ауыз судың тазалығына қатысты да сұрақ бар. Зертханалық тексерістен кейін қызметкерлердің неден уланғанын болжауға болады, – деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен ер адам сотталды