Қарғын су: тараздықтар гуманитарлық көмек жинап жатыр

02.04.2024 в 13:35

Еріктілер шаһардың әр аумағында 10-нан аса жүк көлігі қойылғанын айтты

Тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына тараздықтар да гуманитарлық көмек жинап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көмек қолын созған еріктілер шаһардың әр аумағында 10-нан аса жүк көлігі қойылғанын айтты. Автокөліктер халық әкелген азық-түлік пен киім-кешеккеге толып жатыр. Тұрғындардың кейбірі қолда бар киімін табыстаса, енді бірі ақшалай қолдау білдірген. Ал жүк көліктерінің жүргізушілері облыс тұрғындарының аманатын тегін жеткізіп бермек.

Айта кетейік, ақтөбеліктерге көмек беру үшін арнайы шот та ашылған. Онда жиылған қаражатқа аса қажетті балалар жөргегі, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек, етік пен жылыту құрылғылары алынбақ.

– Жігіттер көзіне жас алып жатыр. Беретін ақшасы жоқ, қалтасындағы соңғы 500 теңгесі мен күртесін шешіп беріп кетті. Кәсіпкер көрпе, жастық әкелді. Жанар-жағармай станциясы жол шығынын өтемек. Бір тәуліктің ішінде 3 "ГАЗель" толды, – деді ерікті Айдос Алпысбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды