Жайық өзенінің жағасынан 12 адамның бас сүйегі табылды

09.04.2024 в 13:56

Мамандар тергеуге дейінгі амалды бастады

Атырау облысында Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу кезінде 12 адамның бас сүйегі табылды. Дене сүйегінің 26 фрагменті жер бетіне шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірдегі музей-қорықтың басшылығы «ескі Сарайшық үшін адам мүрдесінің табылуы – таңғаларлық жағдай емес» дейді. Өйткені ортағасырлық қалада үлкен қорымның болғаны баршаға мәлім. Ал күні кеше табылған сүйектерді мамандар есепке алу кітабына тіркеп, тергеуге дейінгі амалды бастап кетті.

– Ескі Сарайшық ауылы ішінде түнгі жұмыстар барысында да адам сүйектері жиі кездеседі. Ал бүгінгідей елде су тасқынынан қорғау мақсатында Жайық жағалауындағы дамбы соғу барысында адам сүйектерінің шығуы – Сарайшық үшін жаңалық емес. Мамандар өз жұмысын атқарып жатыр. Дәстүрге сәйкес олар қайта жерленеді, – деді «Сарайшық» музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов: СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды