«Есірткісіз болашақ» қоры мен елордалық ПД басқармасы меморандумға қол қойды

27.01.2022 в 14:06

Тараптар меморандум аясында бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында сындарлы өзара іс-қимыл жасауды жоспарлап отыр

Қазақстан Жастар Конгресі жанындағы «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры мен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы арасында Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Қордың атқарушы директоры Жандос Ақтаев пен басқарма бастығы Ерлан Акбаров өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар меморандум аясында бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында сындарлы өзара іс-қимыл жасауды жоспарлап отыр.

Кездесу барысында Қордың ішкі істер органдарымен нашақорлыққа қарсы күрестегі одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Біз осы Меморандумға қол қоюға қуаныштымыз және ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенеміз. Құқық қорғау органдарының уақтылы алдын алу жұмыстары көп адамның өмірін сақтап, қорғай алатынын түсінуі керек. Ел жастарының есірткіге жол бермеуіне барлығымыз атсалуымыз керек», - деді Қордың атқарушы директоры Жандос Ақтаев.

«Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры өз жұмысы кезінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақты негізде есірткі құралдарының жарнамасы бар жазуларды бояу бойынша акциялар және қала жастары үшін алдын алу іс-шараларын өткізеді. Барлығы 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақ арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Осылайша, Қазақстанның барлық өңірлерінде алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша Қордың штабтары құрылады, оған 300-ден астам волонтер қатысады.