Су тасқынынан құтқарылған қанша тұрғын үйіне оралды

24.04.2024 в 17:02

Оралдағы Жайықтың су деңгейі біртіндеп түсіп келеді

Су тасқынынан құтқарылған 31 мыңнан көп тұрғын үйіне оралды. Ал эвакуациялық пунктерде 8 мың 566 адам қалды. Олардың арасында 3 мың 718 бала бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір 5 мың 677 тұрғын үй мен 2 мың 584 ауладан су сорылған. Тасқынның алдын алу үшін 5,5 миллион қап пен 1 мың 500 тонна инертті материал төселген. Оралдағы Жайықтың су деңгейі біртіндеп түсіп келеді. Соған қарамастан өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті қауіп толығымен жойылды деуге келмейтінін айтты.

– Облысымызда 12 аудан болса, оның 8 ауданда жағдай тұрақталды. Ал 4 аудан және облыс орталығы Оралда қауіп әлі сейілген жоқ. Сол себепті бұл аймақтарда Жайықтың жағасын нығайту, биіктету, дамбаларды қою, қапшықтарды төсеу жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Оқи отырыңыз: Құлсарыдағы су басқан аумақты тазарту жұмысы қашан аяқталады