Мемлекеттік рәміздер күні: Алматыда велошеру өтті

05.06.2023 в 14:08

Патриоттық іс-шараға спортшылар мен мекеме қызметкерлерінен бөлек, қала тұрғындары да қатысты

Тәуелсіздігіміздің нышаны саналатын рәміздер күні Алматыда ерекше атап өтілді. Мыңға жуық адам көк туымызды желбіретіп, велошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Патриоттық іс-шараға спортшылар мен мекеме қызметкерлерінен бөлек, қала тұрғындары да қатысты. Олар 5 шақырымдай жерді жүріп өтіп, мәреге жеткенде мемлекеттік гимн орындалды.

«Қала тұрғындарының спорттық іс-шараға қатысқаны жақсы. Әр мейрам сайын осындай жарыс бола берсе екен», – дейді Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Еркін Қазыбаев.