Сібір жарасы: Қарағанды ​​облысында 2 апталық карантин жарияланды

26.10.2023 в 18:41

Ауруханада сібір жарасы диагнозымен төрт науқас жатыр

Сібір жарасы анықталған Қарағанды облысының Топар ауылында 2 апталық карантин жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол режим инфекциялық ауруханаға осы диагнозбен науқас түспеген жағдайда ғана алынады. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Дәл қазір Топардағы 4 тұрғын сібір жарасын жұқтырып, ауруханада жатыр. Бірінің жағдайы ауыр. Қалған үшеуінен дәрігерлер анализ алып тексеруде. Бейресми дереккөздерде «ауруханаға түскен азаматтар ауырған малды сойған» деп жазды.

Айта кетейік, қазір аймақта ет пен сүт өнімін әкеліп-әкету, мал сою мен жем-шөп тасуға тыйым салынған. Кенттің кірбересіне санитарлық өңдеуге арналған бағаналар қойылды.

– Ауруханада сібір жарасы диагнозымен төрт науқас жатыр. Үш пациентте диагноз ПТР молекулалық-генетикалық әдісімен расталды. Тағы бір пациенттің сынақ нәтижесін күтіп отырмыз. Соңғы пациент басқаларына қарағанда ауруханаға кеш түсті. Айта кету керек, барлығы – бір отбасының мүшесі, – деді облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының жетекшісі Ержан Жүнісов. 

Оқи отырыңыз: Таразда жел сілкінісі сезілді