Алматыда «Мектепке жол» акциясы бойынша 15 мыңнан астам оқушыға көмек берілді

25.07.2019 в 17:15

Аталған қайырымдылық шарасы бойынша 14 250 оқушы 141,3 млн теңгенің материалдық көмегін алған

15 мыңнан астам алматылық оқушыға «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіледі. Олардың қатарында жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайырымдылық үшін қалалық бюджеттен 260 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржы мектеп формасы, оқулықтар мен оқу құралдары сатып алуға жұмсалады. Айта кетсек, дәстүрлі қайырымдылық жоба осымен 12-рет өткізіліп отыр. Ал биыл акция бүкіл оқу жылы бойында өтеді.

«Былтыр осы акция бойынша 14 мың 250 бала көмектескен болатынбыз.  Оған жалпы сомасы 141 млн 328 теңге жұмсалды. Оның 66 млн 635 мың теңгесі біздің жаппай оқуға қамту қорынан бөлінсе, 74 млн 693 мың теңге ол қайырымдылық көрсеткен азаматтар мен мекемелердің есебінен болды», – деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнар ҚОЖАБЕРГЕНОВА.