Алматының апаттан зардап шеккен шағынаудандарында электр жарығын кешкі 19.00-ге дейін қалпына келтіреді

20.09.2019 в 14:23

Апат салдарынан «Нұркент»-1, 2 және «Алмалы» шағынаудандары қараңғыда қалды

Алматы қаласындағы «Нұркент»-1, 2 және «Алмалы» шағынаудандарындағы жағдай туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«20 қыркүйек күні Момышұлы – Рысқұлов көшелерінің қиылысында салынып жатқан мейрамхана ауласындағы жерасты жұмыстарын жүргізу барысында «Нұркент» 1-2 (Атлеттер ауылы), «Алмалы» шағынаудандарын, № 201 мектеп пен балабақшаны электр жарығымен қамтамасыз ететін кабель зардап шекті. Соның салдарынан 5365 жеке тұлға мен 44 заңды тұлға электр жарығынсыз қалды. Апат жағдайын қалыпқа келтіруге 3 арнайы техника мен «АЖК» АҚ 5 қызметкері жұмылдырылды. Электрмен жабдықтау бүгін кешкі сағат 19.00-ге дейін қалыпқа келтіріледі», - дейді әкімнің баспасөз хатшысы.