Құтқарушылар алматылықтарға мамыр мерекелері қарсаңында қауіпсіздік ережелерін еске салды

28.04.2023 в 14:34

Мамандар азаматтарға тауға шығудан бас тартуға кеңес берді

Мамыр мерекелері қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел құтқару жасағының өкілдері сөз сөйлеп, тұрғындарға табиғатта өзін-өзі ұстау ережесін еске салып, демалысын қауіпсіз өткізу үшін қалай әрекет ету қажеттігі туралы кеңес айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райы жылынған сайын далада демалатын тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте көптеген адамдар таулы аймаққа барады, демалыстарын су қоймаларының жанында өткізеді.

Құтқарушылар бұл кезеңде таулы аймақта қар көшкіні қауіпі сақталатынын ескертіп, осыған орай азаматтарға тауға шығудан бас тартуға кеңес берді.

«Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан. Біраз уақыт тауға шығудан бас тарту керек, өйткені тауда қар көшкіні қауыпі жоғары, сондықтан сақ болу қажет. Қар көшкіні болуы мүмкін беткейлерге барудың керегі жоқ», - деді халықаралық дәрежедегі құтқарушы, Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагері Әлихан Көпжанов.

Таулы аймақтардағы су қоймалары да қауыпті. Республикалық жедел құтқару жасағы сүңгуір-құтқару бөлімінің бастығы Андрей Быбченко судағы қауыпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы баяндап берді.

Сонымен қатар ол «Судың өзі қауіпті элемент. Мұнда тау етегінде, әсіресе ағысы қарқынды, көлемді, күрделі ландшафты және тік жағалауы бар тау өзендері бар. Ең басты қауып-қатер өзендерге жақындағанда салмағы 100-500 келіден асатын алып тастарды ағызып, алып жүреді», - деп бөлісті ойын.

Ал кенелердің белсенділік маусымы дәл осы мамырдың жылы күніне келеді, бұл да тау әуесқойларына қауып төндіреді. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға жабық, жеңі ұзын, киім мен шалбар киеді. Денеде ашық жер қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ «бір-біріңізге киімдеріңізде кене бар-жоғын тексертіп алыңыздар» дейді Республикалық жедел құтқару жасағы жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Әділхан Балтабай мырза.