Мемлекетке 90 млн теңге қарыз азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды

26.04.2024 в 14:39

Полицейлер оны жедел басқару орталығынан түскен сигнал арқылы анықтаған

Түркістан облысында мемлекетке 90 миллион теңге қарыз азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды. Берешегі белшеден асқан 46 жастағы Қызылорда тұрғыны күре жолда ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицейлер оны жедел басқару орталығынан түскен сигнал арқылы анықтаған көрінеді. Белгілі болғандай, борышкерге мұндай сома сот орындаушылардың қаулысына сәйкес белгіленген.

– Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұл мен қарызды уақтылы төлеуі керек екенін түсіндірді, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнәр Әбдіжаппарова.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалған полицейлер ұсталды