Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз

12.02.2020 в 14:47

Медеу ауданы бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешегі 77,8 миллион теңгені құрайды

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, бүгінгі таңда, аудандағы жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешегі 77,8 миллион теңгені құрайды. Оның жартысына жуығы немесе 31 миллион теңгесі элиталық тұрғын үй кешендерінде орналасқан пәтерлерге тиесілі екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Барлық борышкерлерге қарызды қайтару туралы хабарлама жіберілгенімен, бүгінгі күнге дейін қарыз өтелмепті. Бюджетке берешегі бар тұлғалар бойынша іс материалдарын сот орындаушыларына беру туралы салық бұйрықтары әзірленіп жатыр. Борышкер салық берешегін төлегеннен кейін сот орындаушыларының қызметтеріне жиналған соманың 25% -на дейінгі мөлшерде төлеуге, сондай-ақ әрбір кешіктірілген күн үшін ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндеттеледі.