Балама зорлық көрсеткен: ІІМ түсініктеме берді

03.10.2023 в 14:50

Күдікті әлі анықталмаған

Алматыда 7 жастағы баланың зорлануына қатысты ІІМ түсініктеме берді. Вице-министр Марат Қожаев қылмыстық істің бақылауға алынғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірақ күдікті әлі анықталмаған. Оның айтуынша, бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

– Мен тергеу барысы туралы түсініктеме беріп, алдын ала болжам жасай алмаймын. Процестік заң бұған тыйым салады. Сондықтан тергеу нәтижесін күтейік. Әзірге күдіктілер жоқ, қажетті сараптама тағайындалды, – деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев.

Оқи отырыңыз: Балама зорлық көрсеткен: желіде жанайқайын жеткізген ананың ісіне қатысты тергеу басталды