Сайлау участкелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кабина жабдықталған

29.10.2023 в 14:51

Біз сайлаушыларымызды жоғары бағалаймыз

Алматыда шығып қалған мәслихат депутатының орнына жаңа халық қалаулысын сайлау науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Сайлау учаскелерінде сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған.

 - Біз жүре алмайтын қоларбадағы жандарға, сондай-ақ көру және есту қабілеті нашар азаматтардың дауыс беруіне  қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Олар үшін арнайы кабина дайындадық. Біз үшін әр адам маңызды. Біз өз сайлаушыларымызды жоғары бағалаймыз, сондықтан сайлауға шақыру қағаздарын жәшікке тастай салмай, әркімнің қолына ұстатуға тырыстық, - деді Қазақ көлік және коммуникация академиясы аумағындағы №84 сайлау учаскесінің хатшысы Лэля Бугенова.

Мұнда да алғаш рет дауыс беріп жатқан сайлаушыларға «Қазақстан» тәттісі сыйға берілуде.

Оқи отырыңыз: Жастар мен зейнеткерлер дауыс берді: Алматы мәслихатына депутат сайлауы қалай өтуде