Ғарыш саласындағы жетістіктеріміз ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді – Тоқаев

02.10.2021 в 15:05

Алғаш рет Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы 2 қазанда ұшты

30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады. Бұл туралы  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады. Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, алғаш рет Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы 2 қазанда ұшты.

30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады. Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 2, 2021