Абай шығармаларын шетелде де насихаттауымыз керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

10.08.2021 в 15:07

Халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан

Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 10, 2021