Актриса Айым Сейтметова ана атанды

30.03.2022 в 15:53

Бұл туралы блогердің өзі Instagram парақшасында жазды

Блогер, актриса Айым Сейтметова ана атанды. Бұл туралы блогердің өзі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"30.03.2022 жылы мен ана атандым. Дүниеге қош келдің. Иісің қандай керемет еді", - деп жазды Айым Сейтметова.

Актрисаны ана болуымен өнердегі достары, блогерлер, әншілер, тележүргізушілер құттықтап жарыса жазып жатыр. 

Айта кетейік, актриса "Той любой ценой", "Инстаграмщица", сондай-ақ "Күшiк құда - Квартиранты" сияқты отандық фильмдерге түскен.