Елімізде11 қыркүйек сейсмикалық жаттығулар өткізіледі

10.09.2023 в 15:10

Бұл «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі

Елімізде 11 қыркүйек сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.

«Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар.

Тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шығу қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналау қажет.

Сейсмикалық жаттығулар «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру.

Сейсмикалық қауіпті өңірлерде жаттығулар сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді (Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары).

Төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды қорғауға көмектеседі.