Жылыту маусымы: Биыл тілсіз жаудан 16 адам көз жұмған

14.11.2022 в 15:45

ТЖМ таратқан ақпарға сай, қазан айынан бері 835 өрт тіркелген

Биыл жылыту маусымы басталғалы бері тілсіз жаудан 16 адам қаза тапты. Жыл сайын елде орташа есеппен 12 мыңнан астам өрт болып, оның салдарынан 400-ден көп адам көз жұмған. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарға сай, қазан айынан бері 835 өрт тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктер  газды дұрыс пайдаланбаудың кесірінен жыл сайын 30-дан астам адам уланып көз жұмғанын айтты.

«Жылу беру кезеңінде тұрмыстық газды пайдаланарда өте сақ болу қажет. Тұрғындар газ баллонын дұрыс пайдаланбаса не сақтамаса, ол көрші пәтердегі адамдарға да үлкен қауіп төндіреді. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын ел аумағында 30-дан астам адам табиғи және сұйытылған газдан уланып, қайтыс болады екен. Ал газ баллон жарылған кезде оның зардабы ауыр болады», – деді ҚР ТЖМ орынбасары Марат Күлдіков.