Педагогика ғылымдарының докторы халықты санақтан өтуге шақырды

22.10.2021 в 15:15

Амалбек Тшанов: Санақ – ол еліміздің, ұлтымыздың дамуына қажетті іс-шара екенін түсінуіміз керек

Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар келген ұлттық санақтың, ең алдымен, ел үшін маңызы зор. Осылай деген педагогика ғылымдарының докторы Амалбек Тшанов халықты 10 жылда бір келетін науқанға атсалысуға шақырды. Сондай-ақ оның мәніне тоқталып, маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Санақтан өту кезінде мектеп жасындағы балалар қай уақытта мектепке барады, олардың саны қанша? Үйде кім жұмыс істейді, кім жұмыссыз, қанша зейнеткер бар? деген секілді сауалдар қойылады. Санақ – ол еліміздің, ұлтымыздың дамуына қажетті іс-шара екенін түсінуіміз керек», – деді Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов.