Қазақстанда YouTube жұмысында ақау байқалды

28.10.2022 в 15:18

28 қазан таңертең сервисте ақау басталған

Қазақстандық YouTube қолданушылары сервистің істен шыққанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

28 қазан таңертең сервисте ақау басталған. Қазақстандықтар мобильді видеохостинг қосымшасы мен веб-нұсқаның жұмыс істемейтінін жарыса жазып жатыр.

Almaty.tv Telegram арнасында жүргізілген сауалнама мәліметінше, дауыс бергендердің 67 пайызында YouTube жұмыс істемейді.