Наурыздағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

06.03.2023 в 15:22

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі жарияланды

Наурыздағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚКО-лары жұмыс істемейтінін хабарлайды.

«Осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.