Биыл 5 мыңнан астам ресейлік жұмыс сұрап келген

28.09.2022 в 18:28

Қазақстан азаматтарын қызметтен босату дерегі тіркелсе, тексеріледі

Елге келген ресейліктерге тек рұқсат етілген сала бойынша еңбек етуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазірдің өзінде 5 мыңнан астам ресейлік жұмыс іздеп келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал егер де елдегі компаниялар сырт мемлекеттен келгендерді жұмысқа алу үшін өз азаматтарымызды жұмыстан босатса, заңды тұрғыда шара қолданылатынын жеткізді.

«Егер де біздің қазір бізде 8,7 млн адам жұмыс істеп жатыр. соның 90 пайыздан артығы Ресейден келіп жұмыс істейтін болса онда сразу тоқтатылады. Жұмысқа қабылдау тоқтатылады. ++++ Ресейліктерге жұмыс тауып беру керек деп тапсырма берілген жоқ. ЕАЭО-тан келген азаматтар біздің шартымыз бойынша Қазақстан өзінің халықаралық шартын бәрін толық орындайды. Бұл да Қазақстанның міндеті», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Ұлттық Экономика министрі шет елден келген азаматтар бірінші кезекте қазақстандықтар арасында сұранысқа ие емес жұмыстарға тартылмақ. Ол - маусымдық жұмыстар. Жұмысқа қабылдау кезінде отандастарымызға басымдық беріледі. Алайда өзге елден келушілер еңбек саласындағы қауіпсіздігімізге қауіп төндірсе, тиісті салада қызмет етуге шектеу қойылады.

«Қазақстандықтар көп бара бермейтін маусымдық жұмыстар бар, мәселен, құрылыс жұмыстары секілді. Әрине, бірінші кезекте біз өз азаматтарымызды жұмысқа орналастыруды ойлаймыз. Соған басымдық береміз», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Ресейліктердің елге келуі еңбек нарығында айтарлықтай бәсекелестік тудырады. Осылай деген Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев қонақжай халықты алдымен қауіпсіздік жағын ескеруге шақырды. Оның пайымынша, шетел азаматтарына заңнамада көрсетілген мамандықтар бойынша ғана қызмет берілуі керек.

«Туризм саласында қызмет көрсететін салалар да болады. Бірақ тікелей мемлекеттің тәуелсіздігіне, оның қауіпсіздігіне нұқсан келетін мамандық бойынша ешқандай шетелдік азаматтың қызмет жасауға құқығы жоқ», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Көрші мемлекеттен келгендерге байланысты елдегі пәтер бағасының құны шарықтап кеткені белгілі. Алайда бұл қымбатшылыққа мемлекет кінәлі емес, - деді Әділет министрі. Мәжіліс кулуарында пікір білдірген Қанат Мусиннің айтуынша, бағаны өсіріп, күрделі жағдай қалыптастырған өз азаматтарымыз. Жаппай наразылық ұйымдастыратындай негіз жоғын жеткізді.

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы