Жаңғыру күні: Алматыдағы кітапханашылар қарттарға сыйлық табыстады

19.03.2024 в 15:25

Іс-шарада концерттік бағдарлама қойылды

Наурызнаманың Жаңғыру күнінде шаһар кітапханашылары қазыналы қарттарға мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыдағы «Шаңырақ әлеуметтік қызмет орталығында» болған іс-шарада егде жастағыларға түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылып, Рамазан айына байланысты сыйлықтар табысталды.

Наурызнама мерекесінің онкүндігі жарияланып, соның аясында Алматы қаласы орталықтандырылған №4 кітапхана қызметкерлері қайырымдылық іс-шара ұйымдастрдық. Мейрам Ораза айымен тұспа-тұс келген соң, қарттарымызға сый-сыяпат ұсынғымыз келді, – деді Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №4 кітапхана бөлімшесінің қызметкері Ақерке Жұмақын.

Оқи отырыңыз: Ертегілер әлеміне саяхат: Алдар көсе балалармен ән айтты