|
13.02.2023 | 19:56
3119

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі үйінді астынан табылды

Мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі үйінді астынан табылды Reuters

10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді», - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.

Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды.

Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясы қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беретін болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Кахраманмарашта тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

«Ол осы жылдың 6 ақпанынан бері байланысқа шықпады, тұратын жері - Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің «жедел желісіне» хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта Қазақстан Елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп оны іздестіруде. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезінде оның ішінде болған», - деді Айбек Смадияров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир