«Birgemiz»: Қостанайда ұн зауыты 2000 отбасын қамтамасыз етпек

02.04.2020 в 15:27

Қазақстанда сыртқа шығарылатын ұнның төрттен бірі Қостанайда өндіріледі

Қостанайдағы «Бест Костанай» ұн өндіру кешені басшылығы «Nur Otan» партиясы қолға алған «Birgemiz» қайырымдылық акциясын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда сыртқа шығарылатын ұнның төрттен бірі Қостанайда өндіріледі. Өңдеу өнеркәсібінің шикізат өндіруден асып түсіп, оны көз ұшында қалдыруына облыстағы ұн тартатын диірмендердің қосып отырған үлесі мол. Солардың бірі – «Бест Костанай» ұн өндіру кешені. Алдағы күндері ұн зауыты 2000 отбасын қамтамасыз етпек.