Алматыда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді

11.08.2023 в 15:28

Мегаполистің барлық ауданында жылжымалы мобильді заң қызметі ұйымдастырылды

Алматыда қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Заң кеңесі» жобасы жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындарына заң мәселелері бойынша ақпараттық-кеңестік қолдау көрсетіліп, «жедел желі» іске қосылды. Сондай-ақ мегаполистің барлық ауданында жылжымалы мобильді заң қызметі ұйымдастырылып, «zankomek.kz» сайты құрылды. Тұрғындар онлайн жүйе арқылы сұрағын қойып, заңгерлерден жауап ала алады.

– Үш жылда іске асады. Осы жоба аясында кез келген санаттағы Алматы қаласының тұрғынына құқықтық, заңдық көмек көрсетеміз. Барлығы тегін, олардан ешқандай ақша алынбайды. Өйткені жобаны үкіметтік емес ұйым іске асырып жатыр. Заңгерлердің, ұйымдастырушылардың ақысын басқарма, әкімдік төлеп отыр, – деді қоғамдық қордың директоры Бейбіт Молдахметұлы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда бола ма