Елімізде энергетика саласын қадағалау күшейтіледі

03.04.2024 в 15:40

Бақылауға алынбаған мекемелердің лицензиясы тоқтатылған

Жылу беру энергетикасында мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, елдегі 35 энергетикалық жабдықтаумен айналысатын мекемені мемлекет бақылап отыр. Ал бақылауға алынбағандардың барлығының лицензиясы тоқтатылған. Қазір нарыққа қатысушылар тұтынушыға емес, өнім өндірушілерге таласып жұмыс істеп жатқан көрінеді. Министрдің сөзінше, осының салдарынан баға көтеріле береді. Енді Үкімет мәселені қолға алмақ.

– Осындай механизмді жою мақсатында барлық энергетикалық жабдықтау нысандарын бақылауға аламыз. Бұл жерде мұндай әдістен монополист пайда болмайтынын түсінуіміз керек. Керісінше нарықты ретке келтіру көзделіп отыр. Баға саясаты да орнына келеді деген болжам бар, – деді ҚР Энергетика министрі  Алмасадам Сәтқалиев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда теңіз вокзалы салынуы мүмкін