Алматыда 30 шақты бала Шымбұлақ шатқалына шықты

31.08.2022 в 16:05

Конституция күніне орай ҚХА тағдыр тәлкегіне түскен балаларға тауға экскурсия ұйымдастырды

Алматыда арнайы акция аясында 30 шақты бала мен 20 тәрбиеші Медеу, Шымбұлақ шатқалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Конституция күніне орай ҚХА тағдыр тәлкегіне түскен балаларға тауға экскурсия ұйымдастырды. Жеткіншектер үшін арнайы бағдарлама әзірленген. Олар спорт кешендерінің қалай жұмыс істейтінін көріп, құтқарушылардың қызметімен танысты. Таулы аймақта қауіпсіздікті сақтау туралы лекциялар оқылды.

«Акцияның мақсаты – балаларға патриоттық рух пен эмоционалды көңіл-күй сыйлау. Өйткені бастарынан қиын кезеңді өткізіп жатқан балаларға оңай емес. Оларға демеу болғымыз келді. Бұл бастамамызды әрдайым қолдап отыратын Медеу, Шымбұлақ демалыс орындарының әкімшілігіне алғыс айтамыз», – деді «Ильдаш» татар мәдени орталығының төрағасы Нурия Ниязова.

«Қаңтарда Медеуге барғанбыз. Енді Шымбұлаққа шықтық. Біздің балалар әрдайым осындай іс-шараларға көңілді күймен келеді», – деді «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қорғау орталығы»  КММ қызметкері Бимахамбет Рысқұлов.