Алматыда хайуанаттар бағында түйе боталады

25.03.2021 в 16:09

Қазіргі уақытта Мейрамның жағдайы бірқалыпты

Алматыдағы хайуанаттар бағы 22 Наурыз мерекесі қарсаңында Мейрам есімді ботамен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туылғанына аз ғана уақыт болған төлдің есімін әлеуметтік желідегі оқырмандардың сұрауымен қойған. Бұл зообақтағы аналық түйеден алынған осымен 3-төл екен. Қазіргі уақытта Мейрамның жағдайы бірқалыпты.

«Хайуанаттар бағында екі өркешті және жалғыз өркешті түйе бар. Екі түрлі түйе өмір сүреді. Бұларға күніне 3 мезгіл тамақ береміз. Түйе жануары болғандықтан, тікенек, жантақ секілді шөптерді жақсы көріп, сүйіп жейді», – деді тұяқтылар бөлімінің меңгерушісі Балабек Махатов.