Түркістан облысындағы аңшы әлі табылмады

03.03.2023 в 20:33

Құтқарушылар дрон ұшырып, әуе арқылы 40 шақырымдай аумаққа шолу да жасады

Түркістан облысында су қоймасына аңшылыққа кеткен тұрғын үйіне оралмады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аңшының өлі не тірі екені белгісіз. Полиция оны өткен жұмадан бері таба алмай жатыр. Бүгінде іздеу жұмысына 100-ге тарта адам жұмылды. Олар Арыстанды өзенінің маңын толық қарап, атқа мініп суды кешіп шықты. Құтқарушылар дрон ұшырып, әуе арқылы 40 шақырымдай аумаққа шолу да жасады. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ. Енді суды азайту мақсатында арнайы техника қолданылып, қосымша арна қазылып жатыр.

«Аталған жайт бойынша полиция бөлімінде «Адам жоғалу» дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда ер адамды іздеу жұмыстары үзіліссіз және жан-жақты жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппарова.