«Алматы жастары» бағдарламасымен жыл соңына дейін қанша адам баспаналы болады

01.12.2023 в 16:13

Бюджеттен қосымша 965 млн теңге бөлінеді

Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. Тұрғын үй бағдарламасын қолдау Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жалғасып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Бюджеттен қосымша 965 млн теңге бөлінеді. Бұл - әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік , - деді Қанат Сухамбеков.

Биыл «Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш берді.

Оқи отырыңыз: Алматы мәслихаты 2023 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджет жобасын қолдады