Қарттар күнінде Алматы әкімдігі ақсақалдар алқасын арнайы құттықтады

03.10.2022 в 16:13

Жиынға келгендер маңызды деген мәселелерді талқыға салды

Қарттар күні мерекесінде Алматы әкімдігі ақсақалдар алқасын арнайы құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға келгендер маңызды деген мәселелерді талқыға салды. Айта кетейік, бүгінде Алматыда 233 мыңнан аса зейнеткер бар. Оларға қалалық бюджет есебінен 13 түрлі қызмет көрсетіліп келеді.

"Алматы қаласының ақсақалдар қауымы бүгінде Қазақстандағы ең бір көпсалалы, көп күрделі жалпы ұйымның бірі. Біз халық арасында жұмысты күннен күнге жақсартып, жаңартуға күш салып келе жатырмыз", - деді Наурызбай аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мәдениет Кәркенов.