Алматыда қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды

01.11.2022 в 16:29

 Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Алматы қаласы әкімінің өкіміне сәйкес Ғани Әуезханұлы Мырзаханов Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды»,- деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ғани Мырзаханов бұл лауазымға өткен жылдың мамыр айында тағайындалған болатын.

Ол 2008 жылдан бері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, 2016 жылдан бастап «Алматы тазалық» кәсіпорнының басшысы қызметтерін атқарған.