АҚШ-та шот ашқандар туралы ақпарат алуға мүмкіндік жасалады

10.02.2022 в 16:28

Заң жобасы қаржы ұйымдарының қызметтерін қамтиды

АҚШ-та шот ашқандар туралы ақпарат алуға мүмкіндік жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды. Құжатқа сәйкес АҚШ қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті.

Заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметтерін қамтиды.

«Осы режимге қосылмаған жағдайда, егер төлемді алушы АҚШ-та салық салынатын тұлға болса және аударылған қаражат АҚШ-тағы инвестициялармен байланысты табыс болса, халықаралық банк аударымдары сомасының 30%-ы ұсталуы мүмкін. Келісімге қосылған қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық американдық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға және ашуға міндетті болады», - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.