Шымкентте ер адам терезеде отырған баланы жазатайым оқиғадан құтқарды

16.09.2022 в 16:41

Шымкентте екі ер адам ашық терезеде отырған сәбиді жазатайым оқиғадан құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шымкентте үшінші қабатта ашық терезенің алдында отырған сәбиді екі ер адам құтқарып қалды.

Оқиға орнында түсірілген видеода жасөспірім жігіттің екінші қабаттағы темір тор арқылы өрмелеп шығып, бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып кеткенін көруге болады.