Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

30.11.2022 в 16:48

Тіркелу сағат 10:00-де басталады

2022 жылғы 1 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы қаласында "Республика Сарайында" мүмкіндігі шектеулі жұмыссыздарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәрмеңкені "Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ Медеу ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп ұйымдастырады.

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс беруші мен ізденушінің тікелей қарым-қатынасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады, онда жұмыс берушілер ізденушілермен кездесуге, ал ізденушілер алдын ала әңгімелесуден өтуге, түйіндеме жіберуге, мүдделі бос жұмыс орындарымен және ізденушілерге қойылатын талаптармен танысуға болады.