Ақтөбеде тұрғындар кішкентай қызды зорламақ болған ер адамды ұстады (видео)

03.06.2019 в 16:53

Ақтөбеде ер адам кішкентай қызға кәмпит беріп, оны зорламақ болған жерінен ұсталды

Ақтөбенің «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында кішкентай қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде ер адам кішкентай қызға кәмпит беріп, оны зорламақ болған жерінен ұсталды. Бұл оқиғаға тұрғындар куәгер болып, №30 басқарушы компанияның қызметкері бәрін әлеуметтік желіге жариялаған.

«Оқиға бүгін болды. Біздің компания «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде ұстап алған», - деп хабарлады №30 компаниясының диспетчер қызметі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня в мкрн Нур сити сотрудник управляющей компании #30 поймал педофила

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)3 Июн 2019 в 12:48 PDT