Ақтауда жеті жүзге жуық бала Абайдың әнін бір мезетте шырқады

30.01.2020 в 16:58

#Абай175 эстафетасын өңірдегі «Интеллектум» лицейінен қабылдаған

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 700-ге жуық оқушысы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім ордасының оқушылары #Абай175 эстафетасын өңірдегі «Интеллектум» лицейінен қабылдаған.