Алматыда мобильді қосымша арқылы шұғыл көмек алуға болады

02.02.2023 в 16:58

Смартфонға жүктелген бағдарламаға кіріп, дабыл түймесін басу қажет

Алматыда адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда көмек алуға мүмкіндік беретін арнайы қосымша пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv

Пайдаланушыға тек смартфонға жүктелген бағдарламаға кіріп, дабыл түймесін басу қажет. Жедел әрекет ету тобы 5-10 минут аралығында шақырту орынына жетеді. Жоба авторының айтуынша, мобильді қосымша қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік органдарға халықтың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге септеседі.

«Қазір кез келген адам қосымша арқылы тағамға, азық-түлікке тапсырыс беріп, такси де шақыра алады. Сондықтан бізге дабыл нүктесі арқылы жұмыс істейтін мобильді бағдарламаны жасау туралы ой келді. Қосымшада экипажбен байланысып, қандай көмек керек екенін түсіндіруге де мүмкіндік жасалған», – деді инновациялық жобаның негізін қалаушы Феликс Курманов.