Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды игі іс» марафоны жалғасып жатыр

09.03.2021 в 17:03

Мейірімділік эстофетасына Қазақстан халық ассамблеясы және «Барбанг» Күрдтер қауымдастығы да қатысты

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды игі іс» марафоны жалғасып жатыр. Мейірімділік эстофетасына Қазақстан халық ассамблеясы және «БАРБАНГ» Күрдтер қауымдастығы да қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар Алматы қаласы және Алматы облысындағы жалғыз басты аналар, зейнеткерлер мен ардагерлерге және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған 50-ге жуық отбасыға қол үшін созды.

«Қазақстан Халық Ассамблеясы 30 игі іс қайырымдылық марафонын өткізді. Біздің күрдтер ұйымымыз 50 отбасыға көмектесті. Қолымыздан келгенше жақсылық жасауға тырысамыз», –деді Алматы облысының «Барбанг» Күрдтер қауымдастығының төрағасы Аладин Мустафаев.