Қазақ баласы Джо Байденмен қол алысып, амандасты

08.10.2022 в 17:03

Ол АҚШ президентімен Пенсильвания университетінің кампусында кездесті

АҚШ президенті Джо Байден қазақ баласының амандасу үшін созған қолын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың есімі Әлтайыр екені белгілі. Ол АҚШ президентімен Пенсильвания университетінің кампусында кездесті. Сөйтсе оның анасы осында оқитын болып шықты. Америка президенті мұнда ресми сапармен келген.

Видеоны 8 қазанда әлеуметтік желіде баланың анасы жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоның астына түрлі пікір қалдырды:

Қандай керемет! Бұл сәтті өмір бойы есінен шығармайтын болар

Бұл да бір белгі, Әлтайырдың жолы үлкен болсын деп тілейміз.

Керемет. Джо Байденнің өзі ғой! Осылай да болады екен ғой! Әлтайырдың бағы бар деші! Жарайсыңдар!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от