Елімізде бір жылда 126 жекеменшік мектеп ашылды

24.02.2021 в 17:08

Мектептердің құрылысы есебінен оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады

Соңғы екі жылда елімізде жекеменшік мектептердің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Бір жылда 126 жекеменшік мектеп ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлық оқу ұйымы мемлекеттік білім беру тапсырысын алады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«2019-2020 жылдары 40 мыңнан астам оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды. Бұған меншік нысанына қарамастан, жалпы білім беретін мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды және мемлекеттік қолдау құралдарын енгізу ықпал етті. Мектептердің құрылысы есебінен оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады», – деп атап өтті Бибігүл Асылова.