«Мектепке жол»: Алматыда 100-ден астам оқушы сабаққа қажетті құралмен қамтамасыз етілді

23.08.2022 в 17:10

Іс-шараға аз қамтылған және көпбалалы отбасы қатысты

Бүгін Алматыда 100-ден астам оқушы «Мектепке жол» акциясы арқылы сабаққа қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайырымды жандардың қолдауымен жүзеге асып жатқан іс-шараға аз қамтылған және көпбалалы отбасы қатысты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта аталмыш акцияға қолдау білдіретіндер табылса, игі іс өз жалғасын табатынын айтады.

«Бұл жобаның мақсаты қазіргі аз қамтылған отбасын қолдау. Жаңа оқу жылында оқушыларға қандай да көмек болса, олар жетістікке жетіп, оқу үлгерімін жақсартады деген оймен ұйымдастырылған іс-шара», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Рүстем Исмаилов.